Қазақстанда тек әйелдер мінетін вагондарға деген сұраныс 2 есеге артқан

Темірхан Айжан

2021 жылдан бастап 359 мыңнан астам әйел осындай вагонымен сапарлаған

Қазақстанда тек әйелдер мінетін вагондарға деген сұраныс 2 есеге артқан
Фото: Әсет Құндақбаев

Елімізде әйелдер вагондарымен жүрген жолаушылар саны 2 есеге артты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚТЖ-ға сілтеме жасай отырып.

«Жыл басынан бері 70 мыңға жуық жолаушы «әйелдер вагонымен» жүрді. Бұл көрсеткіш өткен жылдан 2 есеге көп. 2023 жылы әйелдер вагонын 34 мыңнан астам әйел пайдаланған. 2021 жылы қызмет енгеннен бастап 359 мыңнан астам әйел осындай вагонмен сапарлаған», - деп хабарлады компания. 

Бүгінгі таңда 8 жолаушылар пойызында әйелдер мінетін вагондар бар. Олар:
-№77/78 «Алматы-Маңғыстау» №07 купе вагоны;
-№351/352 «Алматы-Өскемен» №10 купе вагоны.
-№45/46 «Павлодар-Түркістан» №09 купе вагоны;
-№37/38 «Маңғыстау-Семей» №06 купе вагоны;
-№47/48 «Атырау-Астана» №06 купе вагоны;
-№33/34 «Ақтөбе-Алматы-1» №06 купе вагоны;
-№4/3 «Астана-Алматы-2» №17 купе вагоны;
-№71/72 «Астана-Шымкент» №10 купе вагоны.

Айта кетейік, бұл вагондарға билеттер тек әйелдерге сатылады және әйел жолсеріктер жұмыс істейді. Сонымен қатар, әйелдерге арналған вагонында жеті жасқа дейінгі ер баланың жол жүруіне рұқсат бар. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.