Семейде педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Ер адам кінәсін мойындамады

Семейде қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты педофилді өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Іс материалдарына сәйкес, сотталушы кәмелетке толмаған жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.
«Ер адам кінәсін мойындамады, бірақ оның әрекеті қылмыстық іс материалдарымен, сот-медициналық сараптамасының қорытындыларымен, жәбірленушінің, оның өкілдері мен куәгерлерінің айғақтарымен дәлелденді», - деп хабарлады сот.
Нәтижесінде қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сондай-ақ оған өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.