Құлсарыда 100-ден астам үйді су басып тұр
Өңірдің эвакуациялық пункттерінде 769 адам бар, олардың 430-ы балалар
Атырау облысының Құлсары қаласында 100-ден астам жеке тұрғын үй мен 10 бизнес нысаны су астында қалып отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақжайыққа сілтеме жасап.
Өткен аптада ҚР ТЖМ құтқарушылар күштерінің топтары 2815 үйден су бұрып, сору жұмыстарын жүргізген болатын.
Өңірдің эвакуациялық пункттерінде 769 адам бар, олардың 430-ы балалар. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 7 сәуірінен бастап облыста жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі сақталуда. Жайық өзеніндегі су деңгейі артуда. Төмендеу байқалмайды.
Өңірде жүргізіліп жатқан авариялық-құтқару жұмыстары туралы ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Марғұлан Аманбаев айтып берді.
Сонымен қатар Құлсары қаласында екінші тәулік бойы ТЖМ ақтөбелік әскери қызметшілері қоғамдық пайдалану орындарын дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуде.
Ауру тудыратын микроорганизмдер мен олардың токсиндерінің таралуын болдырмау үшін 20982 әскери бөлімінің радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау ротасының жиынтық құтқару тобы жұмыс істеуде.