«Дропперлерді» қылмыстық және материалдық жауапкершілік күтіп тұр – Бас прокуратура
Алаяқтыққа қасақана қатысқаны үшін сотталушы 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Соңғы кездері жастар мен зейнеткерлер оңай табыс табу үшін, қасақана мақсатты түрде немесе келеңсіздік салдарын толық түсінбей, алаяқтыққа тартылуда. Бұл ретте қазақстандықтар шетелдік алаяқтардың айласына жиі түсетіні кең етек жайып барады. Осыған орай Бас прокуратурада уәкілетті мемлекеттік органдардың және ұялы байланыс операторларының қатысуымен интернет-алаяқтыққа және телекоммуникация желілері арқылы жасалған қылмыстарға қарсы іс-қимыл саласындағы өзара іс-әрекеттер мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Олар ұрланған қаражатты шығару немесе транзиттеу үшін банк карталары мен шот-фактураларды ашып береді. Аталған схемаға қатысатын және ұрланған ақшаны манипуляциялау тізбегінде делдалдық қызмет көрсететін адам «дроппер» деп аталады.
Күн тәртібінің өзектілігі нөмірлерді ауыстыру арқылы телефон алаяқтығы фактілерінің көбеюімен, сондай-ақ қазақстандықтардың қылмыстық схемаларға белсенді тартылуымен байланысты.
«Қазақтелеком» АҚ-ның өкілдері Қазақстан азаматтарының қалалық абоненттік нөмірлеріне алаяқтардың шетелдік қоңырауларын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берген шаралары туралы хабарлады.
Жыл басынан бері олар әзірлеген жүйені пайдалана отырып мұндай 2 миллионнан астам қоңырау бұғатталған.
«Алайда «WhatsApp» және «Telegram» мобильді қосымшаларына қылмыстық шабуыл мәселесі әлі де орын алуда.
«Осыған орай «Казақтелеком» АҚ және ірі ұялы байланыс операторлары («Кселл» АҚ, «Мобайл Телеком-Сервис» (Теле2/Алтел) ЖШС-сы, «Кар-Тел» ЖШС-сы) ынтымақтастыққа және киберқылмысты жою үшін қажетті техникалық шешімдерді әзірлеуге дайын екендіктерін білдірді. Айта кетерлігі, соңғы кездері жастар мен зейнеткерлер оңай табыс табу үшін, қасақана мақсатты түрде немесе келеңсіздік салдарын толық түсінбей, алаяқтыққа тартылуда. Олар ұрланған қаражатты шығару немесе транзиттеу үшін банк карталары мен шот-фактураларды ашып береді. Аталған схемаға қатысатын және ұрланған ақшаны манипуляциялау тізбегінде делдалдық қызмет көрсететін адам «дроппер» деп аталады. Мұндай адамдардың жауапкершілігі күмәнсіз және ниетіне қарай қылмыстық немесе материалдық жазаға әкеп соғады», - делінген хабарламада.
Алаяқтыққа қасақана қатысқаны үшін жауапкершілік Қылмыстық кодекстің 28, 190-баптарына сәйкес туындайды және 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
Материалды жауапкершілікке келетін болсақ, қазірдің өзінде түскен ақшаны негізсіз баю деп тану арқылы «дропперлерден» «қолма-қол ақша» қаражатының толық сомасын өндіріп алу фактілері бар (ҚР АК 953-бабы).
«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен Т. азаматының «дропперлерден» 20 миллион теңгеден астам соманы өндіру туралы талап-арызы қанағаттандырылған. Сот анықтағандай, алаяқтар Т. азаматты жаңылыстыра отырып, жоғарыда аталған соманы төрт қазақстандықтың есепшоттары мен карталарына аударттырған. Соңғылары, өз кезегінде, алынған ақшаның шығу тегінің қылмыстылығын толық түсінбей, бұрын қол жеткізілген келісім бойынша оны белгісіз тұлғаларға аударған. «Дропперлер» ақшаны алу негіздерін анықтау шараларын қолданбағанын және оны басқа тұлғаларға аударғанын ескере отырып, сот бұл әрекеттерді өз қалауы бойынша оларға билік ету деп санады, сондықтан оларды алған негізсіз сыйақыны қайтаруды міндеттеді», - делінген хабарламада.