Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады
Экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжанов 6 мамыр, сағат 10:00-де соңғы сөздерін айтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Айта кетейік, бүгін түстен кейін соттағы жарыссөздің екінші бөлігі өтті.
«Оған алқабилер қатыспайды. Жарыссөздiң екiншi бөлiгiнде тараптар сотталушылардың әрекеттерiн саралау, жаза тағайындау, азаматтық талап қою мәселелерi бойынша ұстанымдарын баяндады. Сотталушылардың соңғы сөзі биыл 6 мамырда, сағат 10:00-де өтеді», - деп хабарлады Жоғарғы сот.