Қазақстан тергеу изоляторында отырған бір күдікті үшін 6 миллион теңге шығын жұмсайды

Күдіктіні бір ай тергеу изоляторында ұстау құны 750 000 теңге

Қазақстан тергеу изоляторында отырған бір күдікті үшін 6 миллион теңге шығын жұмсайды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Бүгінде бір адамды тергеу изоляторында ұстауға кететін шығын айына шамамен 750 000 теңгені құрайды. Бұл ретте тергеу мен сот процесстерінің орташа уақыты 3 айдан 6 айға дейін созылады десек, адамды бір іс бойынша қамауда ұстау мемлекетке 6 миллион теңгеге дейін шығын келтіреді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Астана қалалық сотының ресми сайтында хабарланғандай, қазір үй қамақтағы күдіктілерге электронды білезік қолдану тәжірибесі көбейіп келеді. Мәселен,  2021 жылы 2 адам, 2022 жылы 19 адам, 2023 жылы 32 адам, 2024 жылдың 4 айында  6 адам үй қамаққа жіберіліп, электронды білезік тағып жүргені хабарланып отыр.

«Күдікті білезікті шешкісі келсе, дереу тергеу органына сигнал түседі. Білезіктің қуаты 11 айға дейін жетеді, ал бір білезіктің құны шамамен 1 млн теңгені құрайды. Бүгінде бір адамды қамауда ұстауға арналған шығын айына шамамен 750 000 теңгені құрайды, яғни 2 айдағы шығын бір электрондық білезіктің құнына тең. Бұл ретте тергеу мен сот процестерінің орташа уақыты 3 айдан 6 айға дейін созылады және адамды бір іс бойынша қамауда ұстау мемлекетке 6 миллион теңгеге дейін шығын келтіретінін атап өткен жөн», - деп хабарлады сот.

Айта кетейік, қазір соттағы ісі шарықтау шегіне таяған Қуандық Бишімбаев пен туысы Бақытжан Байжанов 2023 жылдың 9 қарашасынан бері тергеу изоляторында отыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.