28 мамырдан бастап грузиялықтар Қытайға визасыз кіреді
ҚХР-ның Грузиядағы елшісі Чжоу Цянь Грузия тарапына Қытай тарапынан 2024 жылдың 10 сәуірінде қол қойылған үкіметаралық келісімнің күшіне енуі туралы рәсімдер аяқталған нотаны тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Грузия Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Хвтисиашвили мен Чжоу Цянның кездесуі өтті.
Хвтисиашвили 2024 жылдың 28 мамырынан бастап Грузия азаматтарына Қытайға визасыз кіруге және елде 30 күнге дейін болуға рұқсат берілетінін айтты.
«Грузия мен ҚХР арасында енгізілген визасыз режим – бұл өткен жылы екі ел арасында орнатылған стратегиялық серіктестіктің көрінісі мен ынтымақтастықтың тағы бір маңызды нәтижесі», - деп атап өтті грузин дипломаты.
Синьхуа хабарлағандай, кездесу барысында тараптар екіжақты және көпжақты қатынастардың күн тәртібіндегі мәселелерді, оның ішінде саяси, экономикалық, туристік және мәдени-гуманитарлық бағыттардағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылады.
Чжоу Цянь Қытай мен Грузияның стратегиялық серіктестер екенін және бір-бірін тең деп санайтынын атап өтті.
«28 мамырдан бастап Грузия азаматтары Қытайға туристік, іскерлік және білім беру мақсатында визасыз бара алады», - деді Қытай елшісі.