Ол Қарағандыдағы уақытша ұстау изоляторынан қолхатпен босап шықты
Бүгін белгілі журналист және қоғам белсендісі Арман Шораев қолхатпен босатылды. Бұл туралы оның әпкесі Жаннар Шураева айтқан. Бұл ақпаратты белгілі заңгер Джохар Өтебеков та растады. Ол Facebook желісінде қамаудан босатылған Арман Шораевпен бірге түскен фотосын салып, жазба қалдырды.
«Арман Шораев бостандықта. Үйге бара жатырмыз. Қолхатпен босап шықты. Қолдау білдіргендеріңізге рахмет», - деп жазды ол.
Еске салайық, 18 сәуірде Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі Ұлттық сенім кеңесінің экс-мүшесі Арман Шораевтың Қарағандыдағы уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.
«Ол Қылмыстық кодекстің 274-бабы 4-бөлігі бойынша төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат таратты деп айыпталады. А.Т. Шораев әлеуметтік желілер арқылы бірнеше рет біле тұра жалған ақпарат таратты»,- делінген хабарламада.