$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үкімет Кентау, Риддер және Қызылорданың жылу орталықтарын жөндеу үшін резервтен 16 млрд теңге бөлді

Кентаудағы жылу электр орталығына 9 млрд, Риддерге 4,9 млрд, Қызылордаға 2 млрд теңге қарастырылған

Үкімет Кентау, Риддер және Қызылорданың жылу орталықтарын жөндеу үшін резервтен 16 млрд теңге бөлді
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Премьер-Министр Олжас Бектенов Кентау, Риддер және Қызылорда қалаларындағы жылу электр орталықтарын реконструкциялап, күрделі жөндеу жүргізу үшін Үкімет резервінен қаражат бөлу туралы қаулыларға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

Дереккөзіне сүйенсек, резервтен алынып отырған қаражат мөлшері шамамен 16 млрд теңгеге жуықтайды. 

"Атап айтқанда, Кентаудағы бесінші жылу электр орталығының  № 7, 8, 9, 10, 11 және 12 қазандықтарын реконструкциялауға 9 млрд теңгеден астам, Риддер жылу электр орталығының технологиялық жабдықтары мен инфрақұрылымына күрделі жөндеу жүргізуге – 4,9 млрд теңге, ал Қызылордадағы оңтүстік қазандықтың үш бу қазандығын реконструкциялауға – 2 млрд теңгеден сәл астам қаражат бөлінді", - деп хабарлайды үкіметтің ресми сайты. 

Осылайша үкімет келесі жылы қыста Кентау, Риддер және Қызылорда тұрғындары жылусыз қалмайтынына сендіріп отыр.

 

Серіктес жаңалықтары