Айбек Смадияров журналистерді мазалаған сұрақтарға жауап берді
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров журналистердің сұрағына жауап бере отырып, елімізге Ресейден келген медиатұлғалар жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Дәлірек айтсақ, журналистер еліміздегі резонансты іс – Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысқан ресейлік журналист Ксения Собчак пен блогер Наталья Грейс Сыртқы істер министрлігінен аккредитацият алды ма деп сұрады.
«Біріншісі де, екіншісі де аккредитациядан өткен жоқ. Олар сотқа кім ретінде қатысқанын сот өкілдерінен сұраңыздар», - деп жауап берді Смадияров.
Естеріңізге сала кетейік, 22 сәуір күні Қунадық Бишімбаев сотына Ксения Собчак келген болатын. Ал, блогер Наталья Грейс Бишімбаевтың ата-анасынан сұхбат алып, сот барысын мұқият қадағалар жүр.