27.04.2024, 21:53
Қоғам
Оралдағы мұғалім өлімі: полиция күдіктіні ұстады
Қазіргі уақытта күдікті соттың санкциясымен қамауда отыр
Фото: mgorod.kz
Орал қаласында полицейлер бастауыш сынып мұғалімін өлтірді деген күдіктіні ұстады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ер адам 25 сәуірде жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында ұсталды. Күдікті бұрын сотталған Орал қаласының тұрғыны болып шықты.
«Қазіргі уақытта күдікті соттың санкциясымен қамауда отыр. Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Еске сала кетейік, 25 сәуірде Орал қаласында бастауыш сынып мұғалімі Надежда Никитина өз пәтерінде өлі күйде табылған болатын.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды