$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ассамблеяның қызметі зардап шеккендерге көмек көрсету ғана емес, қоғамда сенім қалыптастыру – сарапшы

Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық облыстар бойынша республикалық және өңірлік штабтар ұйымдастырды

Ассамблеяның қызметі зардап шеккендерге көмек көрсету ғана емес, қоғамда сенім қалыптастыру – сарапшы
Фото: Елена Семидоцкихтің жеке мұрағатынан

Ассамблея рөлі – зардап шеккендерге көмек көрсетіп қана қоймай, қоғамда сенім мен ұйымшылдықты қалыптастыру. Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты институт ең қиын жағдайларда азаматтарға көмекке келуге дайын. «Солтүстік Қазақстан облысының Орыс қауымы» қоғамдық бірлестіктің төрайымы Елена Семидоцких Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясының отырысынан кейін осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 «Президент су тасқыны сияқты ауқымды табиғи апаттар кезеңіндегі Ассамблеяның рөлі мен маңыздылығын атап өтті. Мұның бәрі біздің ұйымның ұлт үшін қиын сәттерде бірлікті, ынтымақтастықты және көмекті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратынын көрсетеді. Дағдарыс кезінде Ассамблея мүшелері алдыңғы қатарда зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша күш-жігерді тиімді үйлестіретін ұйым», - дейді Елена Семидоцких.

Айта кетерлігі, жан-жақтан жиналып жатқан қаражатқа жаңа үйлер, жаңа көшелер, тіпті, жаңа ауылдар салынады.  Ассамблея мүшелері «Қайырымдылық керуені» жобасы аясында былтыр мұқтаж жандарға құны 1,7 миллиард теңгеден асатын көмек берген.

«Ассамблея барлық облыстар бойынша республикалық және өңірлік штабтар ұйымдастырды, бұл өз кезегінде оның Төтенше жағдайлар кезінде жедел және тиімді әрекет етуге дайындығы мен қабілетін көрсетті. Зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмекті жеткізу бойынша «Жүректен жүрекке» ауқымды акциясы Ассамблеяның қиын кезеңдерде халықты қолдау мен ынтымақ үшін платформа ретіндегі рөлін көрсетті. Осы акция аясында 1500 тоннадан астам азық-түлік және бірінші қажеттіліктегі тауарлар жіберілді. Оның жалпы сомасы шамамен 770 миллион теңге болды Бұл әрекеттердің барлығы зардап шеккендерге көмектесіп қана қоймай, қоғамда сенім мен ұйымшылдықты қалыптастырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты институт ең қиын жағдайларда азаматтарға көмекке келуге дайын екенін көрсетеді. Бұл – тұрақтылық пен әлеуметтік әл-ауқатты сақтаудың маңызды факторы», - деді «Солтүстік Қазақстан облысының Орыс қауымы» қоғамдық бірлестіктің төрайымы Елена Семидоцких.

Естеріңізге сала кетейік, кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы онлайн-форматта өтті. 

Серіктес жаңалықтары