Ақтөбеде құрылыс компаниясы үлескерлерді 2,5 миллиард теңгеге алдап кеткен – Прокуратура
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбе облысы прокуратурасының үйлестіруімен үлескерлердің ақшасын жымқыру дерегіне қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі терге-тексеру аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыс прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2019-2023 жылдар аралығында «Safina» тұрғын үй кешенінің басшысы К. және бір серіктестіктің директоры А., Ақтөбе қаласының 12-ші ықшам және «Алтын Орда» аудандарында салынып жатқан көпқабатты үйлерден пәтер береміз деген желеумен үлескерлердің 2,5 млрд. теңге қаражатын иемденген», - делінген хабарламада.
ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы және 279-бабының 1-бөлігімен (алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру, сондай-ақ құрылыс қызметі саласындағы ережелерді немесе талаптарды бұзу)қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі терге-тексеру аяқталды.
Тергеу барысы облыс прокуроры Х.Дәуешовтің жеке бақылауында болды.
Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Ақтөбе қаласының прокуратурасымен екі күдіктіге қатысты қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Ақтөбе қаласының №2 сотына жолданды.