Жайық өзеніндегі су деңгейі көтеріліп келе жатыр

Су деңгейі өзенге өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен көтерілген

Жайық өзеніндегі су деңгейі көтеріліп келе жатыр
Фото: gov.kz

Атырауда Жайық өзеніндегі су деңгейі тағы көтеріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Атырау облысы бойынша «Қазгидромет» РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша 26 сәуірде сағат 8-дегі жағдай бойынша Жайық өзеніне өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен су деңгейі көтерілді. 

«Индербор кентіндегі су бекетіндегі деңгейі 613 см., деңгейдің +9 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 390 см құрайды. Махамбет кентінің гидропостындағы деңгейі 728 см., тәулігіне + 7 см-ге көтерілу, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 411 см құрайды. Атырау қаласы гидропостындағы деңгейі 428см., тәулігіне + 3см деңгейдің көтерілуі. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 237 см құрайды», - деп жазылған хабарламада.

Мамандардың айтуынша, су деңгейі одан әрі көтерілуі мүмкін. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.