Air Astana ұшқышы рейс алдында есірткіге мас күйінде ұсталды

Автор: Аманалина Тоғжан

Қазір полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр

Фото: istockphoto.com

Air Astana ұшқышы рейс алдында есірткіге мас күйінде ұсталды. Бұл жағдайға қатысты  әуе компаниясы түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Авиакомпанияның ұшқышы 2024 жылдың 23 сәуірінде Алматы әуежайында ұсталып, есірткіге мас күйінде жолаушы ретінде ұшып кетті», – деп түсіндірді әуе компаниядан.

Қазір полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

«Бұл қызметкер жұмыстан шеттетілді. Авиакомпания қызметкерлердің алкогольді немесе есірткіні пайдалануына қарсы. Себебі, ұшу кезіндегі қауіпсіздік - бірінші орында. Авиакомпанияда экипаждардың қанында алкоголь немесе есірткі заттарының болуына тұрақты негізде тестілеу жүргізіледі», - деп хабарлады Air Astana.