Үрімжі қаласы Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданының орталығы
Үрімжі Азия-Еуропа құрлығының кіндігінде, Тянь-Шань орта бөлігінің солтүстік бөктерінде, Жоңғар ойпатының оңтүстігінде, Қытайдың солтүстік-батысында орналасқан қала, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бейжіңнен Үрімжіге дейін 3,5 сағат уақыт кетеді. Картада Үрімжі Қазақстанмен шекаралас жатқан қала, алайда, ұшақ планшетіндегі картада елордасы Астананың атауы әлі де Нұр-Сұлтан деп жазылып тұр.
2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Үрімжі халықаралық әуежайының жалпы жолаушылар ағыны 25,08 миллионнан асқан. Үрімжі халықаралық әуежайы елдегі 10 миллиондық деңгейдегі әуежайдың ішінде 17-нші орынға көтеріліп, соңғы жылдардағы ең жоғары рейтингке қол жеткізді. Сөйтіп Қытайдағы ұшу-қону жолағы ең қарбалас әуежайға айналды. Үрімжі халықаралық әуежайынан барлығы 230 бағыт бойынша ұшақ ұшады. Оның ішінде 20 халықаралық жолаушылар бағыты, 207 ішкі жолаушылар бағыты және 3 ішкі жүк бағыты бар. Маршруттық желінің құрылымын оңтайландыру және авиациялық нарықтың өркендеуі туризмді дамытуға маңызды қолдау көрсетті.
Үрімжінің үш жағын тау қоршаған, солтүстігі көсілген тұнбалы сектор пішінді жазық, шамамен теңіз деңгейінен 680–920 метр биіктікте орналасқан.
Үрімжі дүние бойынша теңізден ең алыс жатқан қала. Тарихы 1755 жылы басталады. Дарихи деректерге сүйенсек, Чиң үкіметі қазіргі Үрімжінің Жюжяуан деген жеріндегі Миң көне қаласында бекініс-қорған салғызып, әскер тұрғызды, әрі оған «Үрімжі» деп атаған.
1763 жылы қала атын “Дихуа” деп өзгерткен. 1884 жылы Шыңжан өлке болып құрылады да, Үрімжі өлке орталығы болып белгіленді. Үрімжі мұхиттан ең алыс орналасқан ірі қала. 2020 жылдың көрсеткіші бойынша Шыңжан тұрғындарының саны 18,52 пайызға өскен..
2020 жылдың қазан айының соңындағы жағдай бойынша ауданның тұрақты тұрғындарының саны 25,85 миллион адамға жетті, бұл 2010 жылмен салыстырғанда шамамен 4,04 миллион адамға көп.
Соңғы онжылдықта аудандағы халық санының өсу қарқыны орташа республикалық деңгейден 13,14 пайызға жоғары болды.
Деректерге сәйкес, халықтың тұрақты өсуі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты. Тұрақты және үйлесімді жағдайдың арқасында Шыңжан соңғы жылдары кәсіпкерлікті бастау үшін көптеген инвесторларды тартты.
Шыңжанның тұрақты тұрғындарының жалпы санынан хань ұлтының өкілдері 42,24 пайызды құрайды., ал ұлттық азшылық өкілдері - 57,76 пайыз, оның 44,96 пайызы ұйғырлар. Жалпы ауданда 47 ұлт өкілі тұрады. Оның ішінде қазақ, ұйғыр, дүнген, моңғол, қырғыз ұлттары бар.
Azattyq Ruhy тілшісі Шыңжанға сапары кезінде Үрімжі, Алар және Шихецзы қалаларына баруды жоспарлап отыр.