$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.04.2024, 23:09
Қоғам

Шымкентте өңеші бітеу туған сәбиге ота жасалды

Шақалақ жалпы палатаға анасының жанына ауыстырылды

Шымкентте өңеші бітеу туған сәбиге ота жасалды
Фото: freepik.com

Шымкент қалалық перинаталдық орталығында өңеші бітеу туған сәбиге күрделі ота жасалды. Нәресте ішкі ағзасының ақауынан тіпті ана сүтін еме алмаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Білікті дәрігерлер құрамы өміріне қауіп төнген бір күндік шақалаққа шұғыл түрде неонаталдық хирургиялық көмек көрсету шешімін қабылдайды. Нәтижесінде ота сәтті өтіп, бала анасымен жалпы палатаға ауыстырылған. Алдағы уақытта дәрігерлердің бақылауында болады.

Бұған дейін түрлі патологиялары бар балалар мамандандырылған ауруханаға жіберілетін. Өйткені перзентханада ондай медициналық көмек көрсетілмейтін.

Бүгінде жаңа туған нәрестелерге реанимациялық және қарқынды терапия қызметін көрсететін бөлімшеде неонаталдық хирург, анестезиолог-реаниматолог және неонатолог-реаниматолог дәрігерлері жұмылдырылған. Перзентханада сондай-ақ асқазан-ішек жолдарына ота жасалған балаларға күтім жасауға да ерекше көңіл бөлінген.

Серіктес жаңалықтары