Ол елдегі «ұят» ұғымын сынға алды
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысына қатысқан ресейлік журналист Ксения Собчак Қазақстандағы іссапарынан алған әсерін бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Жалпы, Мен Қазақстанға жиі барамын және бұл елді жақсы көремін. Менің мұнда көптеген достарым бар. Және үнемі мұндағы біртүрлі қарама-қайшылықтарды байқаймын.
Бір жағынан, қазақстандық әйелдердің көпшілігі өте прогрессивті: олар көп жұмыс істейді, дербес, бәріне өздері қол жеткізгісі келеді, тәуелсіздікке, теңдікке жетуге ұмтылады. Сонымен қатар, мұнда орынды феминизмге, өзара көмек көрсетуге орын бар. Мен өзім осындай әйелдерді танимын, кейбірімен доспыз және оларды өте құрметтеймін.
Бірақ сонымен бірге елде «ұят» деген ұғым бар. Осы құбылыс аясында әйел консервативті нормалардан сәл ауытқыса ұятқа қалуы мүмкін. Қысқа белдемше киіп көшеге шықтыңыз ба? Ұят. Күйеуің сені ұрғаны үшін оны тастап кеттің бе? Ұят. Әрине, бұл моральдық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге қосымша қысым жасайды.
Аға буын осылайша, белгілі бір әдептілік шеңберін құра отырып, «оларды қателіктерден қорғағысы келеді». Бірақ іс жүзінде бұл дәстүрдің артында ескілік ұғымы жасырылған», - деді Собчак.
Сондай-ақ танымал журналист Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жаңа заңның қабылдануын "азаматтық қоғамның жеңісі", деп атады.
«Менің не айтқым келеді: Салтанат ісі осы осы ұғымдарды өзгертіп, құбылыс әкелді. Бұрын «ұят» арқылы халықтың консервативті бөлігі әйелдерге талап қоятын: көп сөйлеме, үйдегі ұрысты сыртқа шығарма, үндеме, шыда...Енді қыздар үй тирандарына қарсы науқанға бірігіп қана қоймай, арнайы заңның қабылдануына қол жеткізді.
Жалпы, қазір Қазақстанда Салтанат ісінің аясында өте қызықты жағдайлар болып жатыр. Мүмкін біз тыныш революцияның бір түріне куә болып отырмыз.
Бұл дегеніміз - азаматтық қоғамның жеңісі», - деп жазды журналист.