Павлодарда Мәңгілік алау ескерткішінің жұлдызшасын сындырған күдікті ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Оған 160 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл тағайындалуы мүмкін

Павлодарда 39 жастағы ер адам Даңқ саябағындағы Мәңгілік алау ескерткішінің жұлдызын зақымдап, айыппұл арқалады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Оқиға сәуірдің 10-нан 11 -не қараған түні шамамен сағат 4-те болғаны анықталды. Полиция вандализм фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Қажетті тергеу шаралары жүргізілуде», - деп хабарлады Павлодар облысының Полиция департаменті.

Полиция вандализм – 160 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен не қоғамдық жұмыстарға 160 сағатқа дейінгі мерзімге не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу арқылы жүзеге асырылатынын ескертеді.