22.04.2024, 21:54
Қоғам
Павлодарда тасқыннан зардап шеккен Жалаулы ауылында жаңа үйлердің құрылысы басталды
Ауылда барлығы 70-тен астам үы бар
Видеодан алынған кадр
Апат салдарынан елдімекенде 14 үйді су басқан. Оның бесеуі тұруға жарамсыз болып қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Астана телеарнасына сілтеме жасап.
Баспанасыз қалған тұрғындарға жаңа үй салынады. Сол баспаналардың бесеуінің іргетасы бір уақытта қаланды. Үй демеушілік қаражат есебінен бой көтереді. Ал апаттан зардап шеккен өзге үйлерге күрделі жөндеу жүргізіледі. Қажетті материалдық көмектің бәрі тұрғындарға төленді. Жалаулыда ұзын саны 70-тен астам үй бар. Мыңнан астам халық тұрады.
«Бір жаманның артында бір жақсы бар. Тәубе деп жатырмыз. Рахмет барлығына», - деді ауыл тұрғыны.
Көп оқылған
26.08.2026, 13:29
«Жүре алмайтыныма қарамастан ауруханадан шығарып жіберді»: Ұлдана Мырзуан көмекке ұмтылған әйел өз шындығын айтты
26.08.2026, 14:48
«Жүрегімде мұң, көзімде мұң»»: Тоқаев Тамыз конференциясында өткір мәлімдеме жасады
26.08.2026, 17:24
«Өлтіре ме деп қорқамын»: Алматыда бойжеткен экс-сүйіктісінен көрген азабын айтып, жанұшыра көмек сұрады
26.08.2026, 16:59
Пәкістанда аурухана өртеніп, 14 сәби тірідей жанып кетті
26.08.2026, 09:49
Көліктерді жалған VIN-кодпен тіркеу: мемлекетке 6,6 млрд теңге шығын келтірген қылмыстық топ сотталды
26.08.2026, 09:22
Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, одан 127 адам құтқарылды