«Бишімбаевқа 25 жыл, Байжановқа 4 жыл»: Белгілі адвокат істің соңына болжам жасады
Джохар Өтебековтің айтуынша, Бишімбаев «өзін өзі ұстап берді»
Танымал адвокат, Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі Джохар Өтебеков экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты істің соңына болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оның айтуынша, кеше Қуандық Бишімбаев судьяға телефонының құпия кодын айта отырып, өзін-өзі ұстап берген.
«Әділдік деген сол – соңында Бишімбаев өзін өзі ұстап берді. Пиар-компания ұйымдастырып, сот процессі кезінде ақталып әлек болды. Мінезі құбылмалы болса да сабырлы күйінен таймады. Алайда, қылмыс күні мас күйінде видео түсіргені есінен шығып кетіп, кеше телефонының құпия кодын айтты. Міне, дәл сол кезде оның бетпердесі ашылды», - дейді Джохар Өтебеков.
Оның айтуынша, адвокат ретінде клиенттеріне үнемі жылы қарым-қатынас танытатын ол ешкімнің ауыр тағдырын жүрегіне жақын қабылдамайтын. Алайда, Салтанат Нүкенова мен ағасының қайғысы қабырғасын қайыстырған.
«Осыларды ескергенде, істің соңы қалай аяқталатынын алдын ала болжауға болады: 25 жыл (мүмкін тіпті өмір бойы бас бостандығынан айырылады). Байжановқа – 4 жыл», - деп жазды адвокат.
Естеріңізге сала кетейік, кеше, 22 сәуір күні сот кезінде Қуандық Бишімбаев судья Айжан Құлбаеваға телефонының құпия кодын айтты.
2023 жылғы 9 қарашада түсірілген видеоны судья «Нүкенова жалаңаш, үстінде тек қара күрте бар, еденда еңбектеп, диванның қасынан бірдеңе іздеп жүр» деп сипаттады.
Айжан Құлбаева видеоның дауысын шығарды. Онда Бишімбаев Нүкенованы қатты балағаттаған. Райымбек Баталовпен қатынасын анайы түрде қайта-қайта сұраған және мойындауын талап еткен.
Бишімбаев «мұның бәрі монтаж, менің телефонымды бұзып, біреу енгізіп қойған. Бұл видео 9 қарашада түсірілуі мүмкін емес» дейді. Сот 10 минуттық үзіліске кетті.
Естеріңізге сала кетейік, Райымбек Баталов Қазақстандағы ең бай бизнесмендердің бірі.