$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алаяқтар Қазақстандағы министрлерге де хат жазып тұрады - ІІМ

Жуырда премьер-министр Олжас Бектенов пен бірқатар министрлердің атынан фейк тараған еді

Алаяқтар Қазақстандағы министрлерге де хат жазып тұрады - ІІМ
Фото: Azattyq Ruhy

Алаяқтықтың жаңа түріне қатысты Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қазақстандықтарға үкімет мүшелерінен қарыз сұраған фейк ақпараттар келе бастаған. Игорь Лепеха бұл алаяқтықтың жаңа түрі екенін ескертті

«Мен бұл жайында айтатын болсам, тіпті кейбір Үкімет мүшелеріне де осындай хабарламалар келеді. Мен тұрғындарды қырағы болуға шақырамын. Себебі алаяқтар өте көп, олар өздерінің әдістерін үнемі жаңартып, жетілдіріп отырады», - деді Игорь Лепеха Мәжіліс отырысының кулуарында.

Сондай-ақ министрдің орынбасары келетін хабарламаларды екі мәрте тексеріп отыруға кеңес берді.

«Сондықтан мұндай хабарламаларға импульсивті жауап бермес бұрын әрқашан екі мәрте тексерген жһн. Алдымен бұл нәрселерді сенімді көздер арқылы қарастырып, аны-қанығына жеткен жөн», — деді Лепеха.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ҚР ІІМ #алаяқтық