Су тасқынынан зардап шеккендерге берілетін мемлекеттік қолдау шаралары белгілі болды

Автор: Azattyq Rýhy

Өтемақы мөлшерін нарықтық деректер негізінде залалды анықтау жөніндегі өңірлік комиссия айқындайды

Фото: ТЖМ

Үкімет Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендердің малы қалай саналып, қалай үй берілетінін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету:

  • су тасқынынан зардап шеккендер қираған баспананың орнына дайын үй сатып алуға немесе жаңа тұрғын үй салуға қол жеткізе алады (әкімдікке хабарласу қажет);
  • Егер мүлік қалпына келтіруге жарамды болса, онда ЖАО-ның мердігерлік ұйымдарымен немесе мүлік иесінің өз күшімен жөндеу жұмыстарын қаржыландыру көзделген (әкімдікке хабарласу қажет).

Су тасқыны салдарынан мал басын жоғалтқан азаматтарға шығынды өтеу:

  • Өтемақы мөлшерін нарықтық деректер негізінде залалды анықтау жөніндегі өңірлік комиссия айқындайды;
  • Үкімет шаруалар мен мал иелеріне кредиттер мен лизингтік міндеттемелерді өтеуді кейінге қалдыру арқылы қосымша жәрдем көрсетеді. Төлемдер кешіктірілген жағдайда оларға айыппұлдар салынбайды;

Төлемді кейінге қалдыру шартымен мал иелерінің өтінімдеріне сәйкес «Азық-түлік корпорациясынан» жемшөпті жеткізу жөнінде. Тиісті өтінімдерді ресми түрде «Азық-түлік корпорациясына» немесе әкімдіктер арқылы жолдауға болады.