$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.04.2024, 21:44
Қоғам

Шымкентте қыз алып қашқан маңғыстаулық жігіт 4 жылға сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Шымкентте қыз алып қашқан маңғыстаулық жігіт 4 жылға сотталды
Фото: istockphoto.com

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында ҚК 125-бабы 1-бөлігімен айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сотталушы әлеуметтік желі арқылы жәбірленушімен танысқан. Содан Жаңаөзен қаласынан келіп, үйлену мақсатында қызды алып қашқан. 

Жәбірленушінің жауаптарымен, оқиға орнын қарап тексеру хаттамасымен және алынған бейнежазбамен, сотталушының кінәсін мойындау жауаптарымен және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен сотталушының кінәсі толық дәлелденді.

Сот үкімімен ҚК-нің 125-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылған оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

«ҚК-нің 63-бабын қолдана отырып, жаза шартты деп белгіленді. Жаза тағайындау кезінде сот ауырлататын мән-жайлардың болмауын, жеңілдететін мән-жайларды ескеріп, оның кінәсін толық мойындауын, жеке басын, бұрын сотты болмағанын және жәбірленушінің сотталушыға бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұраған пікірін ескерді. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары