16.04.2024, 18:06
Қоғам
Су тасқынынан зардап шеккендерге берілетін мемлекеттік қолдау шаралары белгілі болды
Өтемақы мөлшерін нарықтық деректер негізінде залалды анықтау жөніндегі өңірлік комиссия айқындайды
Фото: ТЖМ
Үкімет Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендердің малы қалай саналып, қалай үй берілетінін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету:
- су тасқынынан зардап шеккендер қираған баспананың орнына дайын үй сатып алуға немесе жаңа тұрғын үй салуға қол жеткізе алады (әкімдікке хабарласу қажет);
- Егер мүлік қалпына келтіруге жарамды болса, онда ЖАО-ның мердігерлік ұйымдарымен немесе мүлік иесінің өз күшімен жөндеу жұмыстарын қаржыландыру көзделген (әкімдікке хабарласу қажет).
Су тасқыны салдарынан мал басын жоғалтқан азаматтарға шығынды өтеу:
- Өтемақы мөлшерін нарықтық деректер негізінде залалды анықтау жөніндегі өңірлік комиссия айқындайды;
- Үкімет шаруалар мен мал иелеріне кредиттер мен лизингтік міндеттемелерді өтеуді кейінге қалдыру арқылы қосымша жәрдем көрсетеді. Төлемдер кешіктірілген жағдайда оларға айыппұлдар салынбайды;
Төлемді кейінге қалдыру шартымен мал иелерінің өтінімдеріне сәйкес «Азық-түлік корпорациясынан» жемшөпті жеткізу жөнінде. Тиісті өтінімдерді ресми түрде «Азық-түлік корпорациясына» немесе әкімдіктер арқылы жолдауға болады.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды