Атырау облысына Қазақстан халқы Ассамблеясынан гуманитарлық көмек жетті

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстан халқы Ассамблеясының Алматы штабы 25 тонна жүк жіберген

видеодан скриншот

Атырау облысындағы су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерге Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы штабынан 25 тонна гуманитарлық көмек келді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Атыраудағы жедел штабтың ақпаратына сілтеме жасай отырып.

Гуманитарлық көмек тізімінде азық-түлік, қажетті заттар, гигиеналық заттар, төсек-орын жабдықтары, құрылыс материалдары бар.

16 сәуірдегі жағдай бойынша Атырауға өңір-өңірден барлығы 72 тонна көмек жеткен.