$ 512.32  582.92  6.29
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.04.2024, 06:43
Қоғам

Екібастұзда тойға барған 32 адам астан уланған

Науқастардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр

Екібастұзда тойға барған 32 адам астан уланған
Фото: istockphoto.com

Соңғы екі күнде Екібастұз қалалық ауруханасына жалпы саны 32 адам қаралған. Олардың барлығында тамақтан улану және бактериалды-ішек инфекциялары белгілері болған. Бұл туралы Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2024 жылғы 14 сәуірден бері Екібастұздағы қалалық ауруханаға пациенттер тамақтан улану және бактериалды-ішек инфекциялары белгілерімен жаппай келе бастаған. Олардың бойында құсу, әлсіздіктің дендеуі, іш құрылысының ауыруы, дене қызуының көтерілуі белгілері бар. Эпидемиологиялық анамнезді жиыстыра келгенде олардың барлығы 13 сәуір күні Екібастұз қаласындағы әлдебір дәмханада өткен шарада қонақ болғаны анықталды. Пациенттер қабылдау бөлімінде қаралудан өткен соң барлығына шұғыл түрде медициналық көмек көрсетіліп (асқазандары шайылды), жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылды. 14 сәуірден бері ауруханаға осындай диагнозбен жалпы саны 32 адам келген», - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, емдеу ұйымына қаралған 32 адамның төртеуі ауруханаға жатудан өз еркімен бас тартқан. Өзгелері қазіргі уақытта ем қабылдап жатыр. Науқастардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

Серіктес жаңалықтары