13.04.2024, 22:52
Қоғам
Петропавлда тұрғын үйлерге таза су беріле бастады
Бұл туралы шаһар басшысы әлеуметтік желіде жариялады
Фото: istockphoto.com
Петропавлда тұрғын үйлерге таза су беріле бастады. Қала әкімі Серік Мұхамедиевтің мәлімдеуінше, облыс орталығында балама су көзі іске қосылды. Бұл туралы шаһар басшысы әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүгін біз сынақ режимінде екі баламалы сумен жабдықтау көзінің бірін қоса алдық. Крандардан келетін су ішуге жарамды. Жүйедегі қысым бірте-бірте көтеріліп келеді. Қысым қалыпқа келгеннен кейін барлық үйлерге су беріледі», - деп жазды Серік Мұхамедиев.
Еске сала кетейік, 12 сәуір күні таңертең Петропавлда су беру тоқтатылған болатын. Тасқын сумен келген мұз бірінші көтергіш сорғы станциясына қуат беретін электр желісінің бағандарын құлатты.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады