Тағы бір Салтанатты күйеуі аяусыз ұрған видео тарады (ВИДЕО)

Azattyq Rýhy

Бұл туралы қоғам белсендісі, блогер Жанна Ахметова хабарлады

Тағы бір Салтанатты күйеуі аяусыз ұрған видео тарады (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Биыл 1 сәуір күні Алматыдағы «Life Town» тұрғын үй кешенінің жанында күйеуі Салтанат есімді әйелінің телефонын сындырып, оны қатты соққыға жыққан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы қоғам белсендісі Жанна Ахметова әлеуметік желідегі парақшасында хабарлады. Оның сөзіне сенсек, видеодағы әйел 11 жылғы некеден кейін жолдасымен ажырасқысы келген. Себебі – тұрмыстық зорлық-зомбылық.

«Тағы бір Салтанатты құтқару керек. Бұл әйелдің аты шынымен Салтанат. Монстрмен 11 жыл некеде болған ол ажыраспақ болған. Балаларын алып Тараздан Алматыға әрең қашып келген. Алайда, күйеуі ізіне түскен, оны күштеп қайтадан Таразға алып кетпекші. Биыл 1 сәуір күні «Life Town» тұрғын үй кешенінің жанында күйеуі Салтанаттың телефонын сындырып, есік алдында оны аяусыз соққыға жықты», - дейді Жанна Ахметова.

Қазір жәбірленуші Алмалы ауданының полиция басқармасына арыз түсірген, сараптама әлі дайын емес. Дереккөзіне сүйенсек, күдікті қазір Таразда жүр. Ол танымал заңгер не адвокат болып жұмыс істейді деген ақпарат бар.

«Оны полиция неге әлі қолға түсірмей отыр? Әлде біз тағы бір Салтанаттың өлгенін күтеміз бе?», - деп жазды қоғам белсендісі.

Естеріңізге сала кетейік, қазір экс-министр Қуандық Бишімбаев өзінің азаматтық некедегі жары Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен қамауда отыр. 27 наурыздан бері Жоғарғы соттың тікелей эфирінде өтіп жатқан оның соты бүкіл елдің назарында.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.