Алматыда ер адам көшедегі әйелге тап берді

Автор: Темірхан Айжан

Қазір күдікті тергеліп жатыр

Фото: видеодан кадр

Алматыда тапа-тал түсте белгісіз ер адам орындықта демалып отырған әйелге шабуыл жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Kozachkovoffside телеграм арнасында жарияланған видеода ер адам көше бойындағы орындықта демалып отырған әйелге тиісіп, желкесінен қысып ұстап, сүйрей бастаған. Әйелге жаяу жүргіншілер араша түсіп, құтқарып алды. Жанталасқан әйел жақын тұрған дүкенге кіріп кетіп, қаскөйден әрең құтылған. Қазір күдікті ұсталып, тергеліп жатыр.

Айта кетсек, бұған дейін Шымкентте ер адамның көшеде өзімен-өзі тұрған әйелді теуіп, ұрып-соққан видеосы жарияланды. 50 жастағы адам 1 жылға сотталған.