12.04.2024, 11:37
Қоғам
Ақтөбеде спорт мектебінің оқушысы аяқ астынан көз жұмды
Қазір баланың өліміне не себеп болғаны анықталып жатыр
Фото: Әсет Құндақбаев
Ақтөбе облысында мектеп-интернаттың оқушысы аяқ астынан көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бексұлтан есімді 8 сынып оқушысы 11 сәуір күні сағат 22.00 шамасында есінен танып құлаған. Ол ауруханаға барар жолда, жедел-жәрдем көлігінде көз жұмды.
Бексұлтан Ақтөбе облысы Есет батыр атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп интернатында оқыған. Қазір баланың өліміне не себеп болғаны анықталып жатыр.
Полиция департаменті денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, спорт мектебі қызметкерлері жұмысына салғырт қарау фактісі бойынша тергеліп жатыр.
Көп оқылған
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
13.10.2026, 16:34
«Көтере алмайтын қайғы»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы қаралы күн жайлы айтты (ВИДЕО)
13.10.2026, 10:49
Ақтөбеде ер адам аулада отырған әйелдің арқасына пышақ сұғып, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
13.10.2026, 14:50
Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
13.10.2026, 13:58
Әнші Роза Рымбаеваның марқұм күйеуінің естелік суреті жарияланды