$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қытай шығарған виртуалды көзілдірік әлем нарығының 80 пайызын жаулап алды

Өнім Goertek брендіне тиісілі

Қытай шығарған виртуалды көзілдірік әлем нарығының 80 пайызын жаулап алды
Фото: www.goertek.com

Шаньдун провинциясында шығатын goertek виртуалды көзілдірігі әлемдік нарықтағы орта және қымбат сегментінің 80% жаулады. Бұл туралы журналистерге Шаньдун провинциясының даму және реформа комитеті партия тобының хатшысы Сун Айцзюнь мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Біздің провинциядағы деректер индустриясы елдің 1/8 бөлігін құрайды. Inspur сервері елдегі сатылым бойынша бірінші орында тұр. Goertek виртуалды көзілдірігі әлемдік орта және жоғары деңгейлі нарықтың 80% құрады», - деді Сун Айцзюнь.

Ол соңғы жылдары аймақ билігі цифрлық провинцияны құруды жеделдеткенін атап өтті.

«Өткен жылы цифрлық экономиканың қосылған құны 4,3 трлн-ға жетті. Оның ЖІӨ-дегі үлесі 47%  құрады. Бұл қайта өндіріс үлесінен 8 пайызға жоғары. Сандық экономика Шаньдун экономикасының жарты табысын құрайды деп айтуға болады. Атап айтқанда, ірі өңдеуші провинция ретінде біз цифрлық экономика мен экономиканың нақты секторының интеграциясын ілгерілету үшін көп күш жұмсадық. Шаньдун өнеркәсіпті цифрландыру индексі бойынша елімізде бірінші орында, мемлекеттік деңгейдегі 47 өнеркәсіптік интернет-платформасы мен мемлекеттік деңгейдегі 35 ірі зияткерлік зауыты бар», - деп қосты ол.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Қытай #инновация