Қазақстанның оңтүстігінде күн 33 градусқа дейін ысиды

Автор: Azattyq Rýhy

Синоптиктер 18-20 сәуірде ауа райының қандай болатынын болжады

Алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде күн ашық және жылы болады деп хабарлады «Қазгидромет» синоптиктері.

Тек солтүстік-батыс аймақ Атлантикалық циклонның ықпалында болып, мұнда жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ, найзағай ойнап, екпінді жел тұрады.

«Республиканың қалған аймақтарында ауа райы қолайлы, жауын-шашынсыз, ауа температурасы солтүстікте 20...28 жылыға дейін, ал оңтүстікте 25...33 жылыға дейін көтеріледі. Республиканың кей жерлерінде тұман күтіледі», - делінген аталған хабарламада.