Қарағандыда 6 айлық сәбидің КВИ жұқтырғаны анықталды
Бүгін бірқатар өңірлерде коронавирус жұқтырған науқастардың қатары көбейді
Соңғы ақпарат бойынша, Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 68 жағдай тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласы - 2, Алматы қаласы - 44, Шымкент қаласы - 1, Түркістан облысы - 2, Қызылорда облысы - 9, Атырау облысы - 1, Батыс Қазақстан облысы - 4, Павлодар облысы - 2, Қарағанды облысы - 3.
Ендеше, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары бойынша жаңадан тіркелген науқастар жайлы ақпаратты жариялайық.
Қарағанды облысы - 3 дам
Науқастардың бірі - Қарағанды қаласындағы 6 айлық бала. Оның ата-анасы да жұқтырып, жұқпалы госпитальда болған. Бала провизорлық госпитальде болды.
Екінші науқас - 41 жастағы Қарағанды тұрғыны. Жұқтырғандармен байланыста болып, провизорлық госпитальде болды.
Үшінші науқас - 19 жастағы Теміртау тұрғыны. Ол да жұқтырғандармен жақын байланыста болған.
Павлодар облысы - 2 адам
Бірінші науқас – 71 жастағы Екібастұз тұрғыны. Ол бірден провизорлық госпитальға жеткізілген. Ер адамның айтуынша, бес күн бойы ауырса да, медициналық көмекке жүгінбеген.
Екінші науқас – 42 жастағы Павлодар қаласының тұрғыны. 15 сәуірде ол ЖРВИ диагнозымен провизорлық пульмонологиялық госпитальға жеткізілді. Әйелдің айтуынша, ол шетелге шықпаған, КВИ жұқтырғандармен байланыста болмаған.
Қызылорда облысы - 9 жағдай
Науқастардың барлығы - Жаңақорған ауданының тұрғындары.
Ауру жұқтырғандардың үшеуі - 30-53 жас аралығындағы әйел адамдар. Алтауы - ер адам, олардың арасында ең үлкені 83 жаста. 8 адам коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болған. Ал 1 адамның қалай жұқтырғаны бойынша эпидемиологиялық зерттеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ онымен байланыста болған адамдар анықталып жатыр.
Атырау облысы – 1 адам
Атырау облысындағы Төтенше жағдайды қалыптастыру жөніндегі шұғыл штабтың хабарлауынша, науқас 25 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1995 жылы туған ер адам инфекциондық стационарға жатқызылды. Қазіргі таңда қауіпті дертке шалдыққан емделушімен тығыз қарым-қатынаста болғандар анықталып, оқшауланды.
Вирус ошағы зарарсыздандырылды.