$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.04.2020, 11:05
Қоғам

Коронавирустың кәдімгі суық тиюден айырмашылығы қандай?

Коронавирусты суық тиюден ажыратудың еш қиындығы жоқ

Коронавирустың кәдімгі суық тиюден айырмашылығы қандай?

АҚШ ғалымдары COVID-19 қауіпті вирусын кәдімгі суық тиюден қалай ажыратуға болатыны туралы айтып берді.

Коронавирусты суық тиюден ажыратудың еш қиындығы жоқ. Коронавирустың басты белгісі  – адамның мұрын кеңсірігі қабынып-бітеліп тұрмаса да ешқандай иіс сезіне алмауы.   

«COVID-19 симптомы әдеттегі вирустық суық тиюге тән мұрынның бітелуі немесе мұрыннан су ағу сияқты белгілерге мүлдем ұқсамайды. COVID-19-дың осы ерекшелігін маусымдық аллергиядан да оңай ажыратуға болады», - делінген 14 сәуір күні Eurekalert порталында жарияланған ғылыми жұмыста. 

Сонымен, коронавирустың басты ерекше белгісі – иіс сезіне алмау. Иіс сезе алмай қалу ағзада қауіпті вирустың бар екенін білдіретін алғашқы белгінің бірі.   

Сондықтан ондай науқасты дереу оқшаулап, вирусқа тест тапсыртқан жөн.

Айта кетсек, біз бұған дейін семіздікке шалдыққан адамдардың да КВИ жұқтыру қаупі зор екенін айтқан болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары