Сотта балгерден де жауап алынады – Нүкеновтердің адвокаты

Автор: Azattyq Rýhy

Бишімбаев сотта әйеліне жедел жәрдем шақырмай, балгердің сөзіне сенгенін айтқан еді

Фотоколлаж: Azattyq Ruhy/Әбілқасым Есентаев

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысында балгерден де жауап алынады. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Оразбахова AIRAN YouTube жобасына берген сұхбатында айтты, деп хабдарлайды Azattyq Ruhy.

Айта кетейік, бұған дейін сотта жауап берген Қуандық Бишімбаев әйелі өлім аузында жатқанда жедел жәрдем шақырмай, өзінің таныс балгеріне хабарласқанын айтқан еді. Айыпталушы балгердің «әйелің шаршағаннан ұйықтап жатыр, кешке оянады» деген сөзіне сенген.  

AIRAN YouTube жобасының тілшісі адвокат Жанна Оразбаховадан «Балгерден жауап алу қажет деп есептейсіз бе?» деп сұрады.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде балгер тергелді. Ол сотта жауап алынатын куәгерлер тізімінде бар», - деді жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Оразбахова.

Тақырыпқа орай: Бишімбаев Салтанат өлген күні дәрігерге емес, балгерге телефон соққан