Бишімбаев Салтанат өлген күні дәрігерге емес, балгерге телефон соққан

Бұл туралы ол сотта мәлім етті

Бишімбаев Салтанат өлген күні дәрігерге емес, балгерге телефон соққан
видеодан скриншот

Өзіне қатысты қылмыстық істің екінші эпизоды бойынша жауап беріп жатқан Қуандық Бишімбаев 2023 жылдың 9 қарашасы күні түстен кейін болған оқиғаны баяндады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұған дейін біз Қуандық Бишімбаевтың 8 қараша күнгі және 9 қараша, таңертең болған оқиғаларға қатысты жауаптарын жазғанбыз.

«Тоғызыншы қараша күні таңертең ол диванға отырды да бірнеше секунд маған қарап, қорылдап ұйықтап қалды. Аяқ киімін шешіп бердім. Мейрамхана жұмысшылар келгенше ұйықтап алсын дедім. Жанына жаттым, біраздан кейін ояндым. Салтанат қорылдап жатыр екен. Содан кейін Бақытжанға телефон соқтым. Кел дедім. Ол келгенше VIP кабинетте жалғыз отырдым. Салтанат жалаңаш болған соң Бақытжаннан ұят болмасын деп жамылғы сұрадым. Оны кабинетке кіргізбей, Салтанатқа жаптым. Сол сәтте оның қолы қимылдап тұрды. Мен оған жамылғы жапқаннан кейін Бақытжанды шақырып алдым. Үстіне тағы бір жамылғы жаптым. Бақытжан келген соң оны қолтығынан демедік. Ол қозғалып, мойнын ұстап тұрды. Ол қорылын тоқтатып жатты. Біз есікке қарай жүре бастағанда ол жүре алмады. Мас адам сияқты тұрды. Қорылын тоқтатты. Сосын Бақытжан маған осында қалып ұйықтап алыңыздар деді. Мен Салтанатты қайтадан диванға жатқыздым, ұйықтап алайық дедім. Бір жамылғыны алып, өзіме жаптым. Сағат түскі бір жарымда оянып, Салтанатты оятқым келді. Сол кезде оның сол жақ бетінде көгерген жерін көрдім. Қатты мазасыздандым», - деді  Бишімбаев.

Салтанат оянбаған соң ол балгерге телефон соққан.

«Менің таныс балгерім бар еді. Мен Салтанат оянбай жатыр, қарап көріңізші дедім. Балгер маған «ол қатты шаршаған және мас, кешке дейін ұйықтасын, сосын бәрі жақсы болады» деді. Мен балгерге «біз үшін бірдеме оқыңызшы, Салтанат тез жазылып кетсін» дедім. Сосын Бақытжан Байжановқа дәрі әкеліп бер дедім», - деді Бишімбаев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.