Кейбір құзырлы органдар тендерге қатысушылардың арыз-шағымын қарауды бизнеске айналдырып алған - Қошанов

Темірхан Айжан

Мәжілісте мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру мәселесі қаралды 

Кейбір құзырлы органдар тендерге қатысушылардың арыз-шағымын қарауды бизнеске айналдырып алған - Қошанов
Фото: akorda.kz

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасы және оған ілеспе заң жобаларын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бүгін біз өте маңызды заң жобасын қабылдадық. Мемлекеттік сатып алу жүйесін қайта қарау мәселесі көп жылдан бері көтеріліп келеді. Тиімсіз, жөн-жосықсыз рәсімдер салдарынан құрылыс жұмыстары тым ұзаққа созылып жатқанын өздеріңіз біліп отырсыздар. Әр тендердің процесі артынан соттың процесіне айналып жатады. Осы мәселе депутаттардың өңірлер тұрғындарымен кездесулерінде жиі қозғалады. Тіпті кейбір құзырлы органдар тендерге қатысушылардың арыз-шағымын қарауды да бизнеске айналдырып алған. Сондықтан мектеп, аурахана құрылысы, жолдардың салынуы ұзақ жылдарға созылып жатыр. Бұл жұртшылықтың наразылығын тудырып отыр. Сондықтан сатып алу процесін түбегейлі реформалау жөнінде Президент бірнеше рет айтқан болатын. Үкіметке тиісті тапсырмалар берілді», - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Заң жобасының негізгі мақсаты - мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру. Құжат сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін оңайлатуға және одан әрі автоматтандыруға, бірыңғай сатып алу платформасын құруға арналған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.