$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.04.2024, 21:16
Қоғам

Қарағанды облысында су тасқынынан келтірілген залалды есептеу жұмысы аяқталды

Бұған дейін зардап шеккендерге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді

Қарағанды облысында су тасқынынан келтірілген залалды есептеу жұмысы аяқталды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгінгі күні өңір аумағындағы су тасқыны жағдайы тұрақталды. Жергілікті жердегі басқару органдары халықтың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жұмыстарына кірісті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ОКҚ-ға сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта келтірілген залалды есептеу жөніндегі комиссия өз жұмысын аяқтады. Аккредиттелген ұйым толығымен үйлерді техникалық тексерудің, бүлінген мүліктің құнын толық есебін ұсынды. Жақын арада ұсынылған есепке байланысты тұрғындарға төлемдер төленетін болады. Бұдан басқа, зардап шеккендерге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді», - деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Асанов ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Сонымен қатар сатып алу немесе үй салу мәселесі қарастырылуда. Зардап шеккен елді мекендердегі халыққа азық-түлік, киім-кешек, техникалық жабдықтар, тұрмыстық техника ретінде гуманитарлық көмек көрсетілді.

Серіктес жаңалықтары