Келтірілген залал сомасы шамамен 57 млн теңгені құрап отыр
Өңірде жағдай тұрақталды. Су тасқыны кезеңі басталғалы бері 22 тұрғын үй су астында қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ОКҚ-ға сілтеме жасап.
Бүгінде аймақта келтірілген залалды бағалау жөніндегі комиссияның жұмысы аяқталуға таяп қалды.
«Алдын ала есептеулер бойынша келтірілген залал зардап шеккен үйлерді, жеке мүлікті, техниканы, сондай-ақ үй жануарларын қоса есептегенде, шамамен 57 млн теңгені құрап отыр. Комиссияның жұмысы 15 сәуірге дейін аяқталады деп күтілуде», - деді облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков.