«Бастан ұру»: сот-медициналық сарапшы Нүкенованың басындағы жарақаттар туралы айтты

Azattyq Rýhy

Астанада Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы болып жатыр

«Бастан ұру»: сот-медициналық сарапшы Нүкенованың басындағы жарақаттар туралы айтты
видеодан скриншот

Салтанат Нүкенованың мәйітіне сот-медициналық сараптама жасаған сарапшы Тахир Халимназаров сотта қайтыс болған адамның алған жарақаттары туралы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сарапшы манекеннің басын қызыл және көк түспен бояп, Нүкенованың жарақаттарды қалай алғанын түсіндірді.

«Барлық аймақ боялған. Мұның бәрі бірге бас жарақаты деп саналады. Оған бет пен бас сүйегі кіреді. Көк - көгерген жерлер, қызыл – жырылған жерлер. Сарапшының қорытындысында бас миының жарақатын (зақымдануын) көрсететін сот-медициналық диагнозы қойылды. Бұл жарақаттар мидың зақымдалуына әкеледі. Мұның бәрі бірге ауыр зиян келтіру ретінде жіктеледі және өлімге әкеп соғатын тікелей себеп. Яғни, өлімнің себебі – жарақаттың барлығы, оларды бөлек қарастыруға болмайды», - деді сарапшы.  

Прокурор «соққы-травматикалық әсер дегеніміз не және оны қалай дұрыс түсінсек болады, бұл адамның өзі құлағаннан болған соққылар болуы мүмкін бе» деп нақтылады.

«Қарапайым тілмен айтсақ, бұл - бастан ұру. Тіпті, абайсызда құлап кетсе де адам басын қорғайды, қолын тірейді. Адам тегіс жерде тұрып құлап кетсе, мынадай жарақаттарды алмайды», - деп қосты сарапшы.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.