$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қуандық көріп қоймасын, жазбашы»: сотта Салтанат Нүкенованың сіңлісі жауап беріп жатыр

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында бүгін куәгерлер сұралып жатыр

«Қуандық көріп қоймасын, жазбашы»: сотта Салтанат Нүкенованың сіңлісі жауап беріп жатыр
Видеодан скриншот

Марқұм Салтанат Нүкенованың сіңлісі Айнұр Нүкенова әпкесінің Қуандық Бишімбаевқа тұрмысқа шықпай тұрған кездегі өмірі мен тұрмыс құрғаннан кейінгі өмірі туралы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

8 сәуір күнгі сот отырысы түстен кейін куәгерлерді сұраудан басталды. Ең алғашқы куәгер ретінде Салтанат Нүкенованың сіңлісі Айнұр Нүкенова жауап беріп жатыр. Айнұр Нүкеноваға ең бірінші болып прокурор сұрақ қойып жатыр. 

«2022 жылдың жазында кездескенде Салтанат бір жігіт артынан қалмай жүргенін айтты. Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев екенін айтты. Мен ол кезде Бишімбаевтың өткен өмірін білмегенмін. Кейін білген соң олардың қарым-қатынасына мүлде қарсы болдым», - деді Айнұр Нүкенова.

Сонымен қатар, Айнұр Нүкенованың айтуынша, тұрмыс құрған соң Салтанат өзгеріп кеткен.

«Біз бұрын үнемі кездесіп, сырласып тұратынбыз. Бірақ, тұрмыс құрған соң ол менімен мүлде араласпай кетті. Мен оған хат жазсам, «Айнұр, Қуандық көріп қоймасын, жазбашы» дейтін. Сонымен қатар, тойға дейін шамамен 3 млн теңге табысы бар ол тойдан кейін менен үнемі қарыз сұрайтын болды. Үйлену тойларынан кейін ертеңінде маған клининг қызметіне ақша төлеу үшін 50 мың теңге сұрады. Кейін тағы сұрады», - деді Айнұр Нүкенова.

Серіктес жаңалықтары