$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.04.2020, 22:51
Қоғам

Алматы тұрғындарына 2 миллион маска тегін таратылады

Қайырымдылық шарасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынды

Алматы тұрғындарына 2 миллион маска тегін таратылады. Медициналық маскаларды Алматыға республикалық «Birgemiz» қоғамдық қоры жіберген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Маскалар АӘК алушы отбасылар мен 1-3 топтағы мүгедектерге, сонымен қатар медициналық ұйымдарға  таратылады. Қайырымдылық шарасы  «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен қолға алынды. Еріктілер мен «Жас Отан» жастар қатының мүшелері бүгін Алатау ауданындағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қорғаныш құралдарын таратып шықты. 

«Бұған қалада да, әрбір ауданда да еріктілер жұмылдырылып отыр. «Жас Отан» жастар қанаты, басқа да белсенді азаматтар, партия мүшелері. Бұл жұмыс Алматы қаласында жақын арада өзінің жалғасын табады. Бұл пандемиямен күресу сәтінде халыққа көрсетіліп жатқан үлкен көмек деп білем. Бұл да біздің өз азаматтарымызға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керектігін, карантин режимін міндетті түрде орындау керектігін тағы да бір рет ескертіп, сақтық шараларын күшейту мақсатында жасалған жұмыс», - деді Алматы қалалық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Мәди Ахметов. 

Бұған дейін «Almaty Birgemiz» қоры мегаполистегі аз қамтылған отбасыларға 50 мың теңге бөлген еді. Алматыда 23 мыңнан астам азамат қаржылық көмекке қол жеткізді. Осы жолы қала көлемінде 40 мың адамға маскалар таратылып, көп балалы әр отбасыға 50 дана тегін беріледі.

Серіктес жаңалықтары