$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Мен блогер емеспін»: әлеуметтік желіде прокурор Айжан Аймағанованың атынан жалған парақша ашылды

Парақшада сот процесінің видеоларынан үзінділер және мемлекеттік айыптаушының жеке суреттері жарияланған

«Мен блогер емеспін»: әлеуметтік желіде прокурор Айжан Аймағанованың атынан жалған парақша ашылды
видеодан кадр

«Бишімбаев ісі» бойынша мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанованың атынан белгісіз адамдар Instagram әлеуметтік желісінде парақша ашып, 15 мыңнан астам оқырман жинаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бас прокуратураның ресми мәліметі бойынша, Instagram әлеуметтік желісінде «aijan.aimaganova» атты парақша анықталған. Парақшада сот процесі видеоларының үзінділері және мемлекеттік айыптаушының жеке суреттері жарияланған.

Сондай-ақ, парақшада келесі жазба жарияланған: «Құрметті қазақстандықтар! Парақша қарапайым адамдардың өтініші бойынша ашылды! Бірақ! Мен блогер емеспін! Мен сіздердің жеке хабарламаларыңызға жауап бере алмаймын! Өтініш, жекеге жазбаңыздар. Менің жауап бермегенім үшін сіздер ренжиді ме деп қорқамын. Мен Жаңа Қазақстан үшін жұмыс істеуге уәде беремін!».

«Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары, бұл парақшаның Аймағановаға және басқа жаңадан құрылған парақшаларға еш қатысы жоқ екенін хабарлаймыз. Астана қаласының прокуратурасы сенімді ақпарат көздеріне ғана сенуді сұрайды»,- делінген құзіретті органның хабарламасында. 

Серіктес жаңалықтары