05.04.2024, 10:46
Қоғам
Қазақстанның 6 облысында көлік қозғалысы шектелді
Жолдар қарғын судың астында қалды
видеодан скриншот
Қазақстанның 6 облысында республикалық маңызы бар 8 жолда автокөлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 6 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолдарында қозғалыс шектелді.
«5 сәуір сағат 09:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруінен 3 облыста (Атырау, СҚО, Қостанай) 6 жол жүру учаскесінде (жалпы ұзындығы 3 280 метр) су тасқыны болды», - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда республикалық жолдарға 285 бірлік техника мен 312 адам жұмылдырылды.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
