Алматыда 7 адам, Атырау облысында 3 адам КВИ-ден айығып шықты
Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда КВИ-ден айықандар қатары тағы 10 адамммен толығып, республика бойынша жазылғандар саны 273-ке жетті. Атап айқанда, Алматы қаласында - 7 адам, Атырау облысында 3 адам емделіп шыққан.
Республика бойынша соңғы статистика:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 153
- Алматы қаласы – 67
- Шымкент қаласы – 2
- Ақмола облысы – 8
- Ақтөбе облысы – 2
- Алматы облысы – 7
- Атырау облысы – 15
- Жамбыл облысы – 3
- Батыс Қазақстан облысы – 1
- Қарағанды облысы – 2
- Қызылорда облысы – 6
- Маңғыстау облысы – 1
- Павлодар облысы – 1
- Солтүстік Қазақстан облысы – 5
Бүгінге дейін Қазақстанда қауіпті індеттен 16 адам көз жұмды.