Алматыда тағы бір адам КВИ-ден көз жұмды

Ол 8 сәуірден бастап ауруханада ем алған

Алматыда тағы бір адам КВИ-ден көз жұмды

Кеше Алматы қаласында коронавирустық инфекциясын жұқтырған бір пациент көз жұмды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

«Кеше Алматыда бір пациент көз жұмды. Бұл 1960 жылы дүниеге келген пациент 8 сәуірден бастап Орталық клиникалық аурухананың провизорлық бөлімшесінде емдеуде болды. Жүрек-өкпе қызметінің жеткіліксіздігі және кахексияға (ағзаның тозуы) байланысты жағдайы ауыр болды. Одан талдау алынып, оң нәтиже берді», - делінген хабарламада.

Бүгінде мегаполистегі инфекциялық стационарларда Алматы облысының бір тұрғынын (әйел адам) есепке алғанда, коронавирус жұқтырған 330 пациент ем алып жатыр. Провизорлық госпитальдерде 368 адам, оның ішінде​ 7-уі​ бала, карантиндік оқшаулауда​ –​ 426, үй карантинінде​ –​ 7288 адам жатыр. Жалпы, қалада КВИ жұқтырғандар саны 393 адам, олардың 6-ы бала және​ 4 жүкті әйел бар.

Еске сала кетейік, бүгінге дейін Қазақстанда қауіпті індеттен 17 адам көз жұмды. Ал, Алматы қаласында осымен үшінші рет адам өлімі тіркеліп отыр.

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 2
  • Алматы қаласы – 3
  • Шымкент қаласы – 3
  • Ақмола облысы – 4
  • Шығыс Қазақстан облысы – 1
  • Қарағанды облысы – 1
  • Қостанай облысы – 1
  • Павлодар облысы – 1
  • Түркістан облысы – 1
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.