Қытайда тағы жер сілкінді

Автор: Аягөз Құрмаш

Бұл жолғы дүмпудің күші 5,5 балға жетті

фото: www.istockphoto.com

Қытайдың сейсмологиялық қызметі (CCTV) Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сейсмологтардың айтуынша, жер сілкінісінің эпицентрі Санья қаласының маңында 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Алдымен негізгі дүмпу болып, кейін бірнеше рет афтершок болған.

Синьхуа хабарлағандай, бұл аймақта танымал Дунхуан туристік орталығы мен Цзюцюань ғарыш айлағы орналасқан. Тұрғындар жер сілкіністерін сезінген, алайда зардап шеккендер немесе қирандылар туралы ақпарат жоқ.

Бұған дейін Тайваньда соңғы 25 жылдағы ең күшті жер сілкінісі болды, оның магнитудасы 7,2 балға жетті. Жеті адам қаза тауып, 700-ден астам адам зардап шеккені белгілі.