04.04.2024, 09:10
Қоғам
«ҚазАвтоЖол» компаниясының экс-басқарма төрағасы ұсталды
Асқар Мұратұлы аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді
Фото: «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ экс-басқарма төрағасы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
«Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен Бас көлік прокуратурасының жұмыс үйлестіруімен бір көзден алу жолымен бюджеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның экс-басқарма төрағасы А.Муратұлы ұсталды.
Сотпен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды», - делінген хабарламада.
ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес, өзге мәлімет жария етуге жатпайды.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды