$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.04.2024, 20:51
Қоғам

«Әділдік орнайды деп сенемін»: Райымбек Баталовтың әйелі Бишімбаевтың сотта айтқан сөзіне қатысты пікір білдірді

Баталова Салтанаттың туыстарына сабырлық тіледі

«Әділдік орнайды деп сенемін»: Райымбек Баталовтың әйелі Бишімбаевтың сотта айтқан сөзіне қатысты пікір білдірді
Бейнеден кадр

Танымал кәсіпкер Райымбек Баталовтың әйелі Ленара Баталова Қуандық Бишімбаевтың сотта айтқан сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еске сала кетейік, 1 сәуір күні өткен сот отырысында Қуандық Бишімбаев «бір кездері Салтанат Райымбек есімді кәсіпкердің көңілдесі болғанын айтты» деген болатын. Көпшілік бұл әңгіме Райымбек Баталов туралы деп топшылады. Осыған байланысты кәсіпкердің әйелі пікір білдіріп, отбасының абыройына нұқсан келгенін айтты.

«Мен болған жайтқа қатысты пікір білдірсем деп едім. Себебі менің инстаграмым «жарылайын» деп тұр. Кеше ел болып атышулы процеске куә болдық. Процесс 1 сәуірге сәйкес келіп қалды. Оның мазмұны да соған сай болған секілді. Біз сот отырысын емес, «Пусть говорят» шоуын көріп отырғандай болдық. Сотта менің отбасымның абыройына нұқсан келтірген негізсіз, ойға қонымсыз нәрселерге қатысты не дерімді білмеймін. Салтанаттың жақындарына сабыр мен күш-қуат тілеймін және әділдік орнайды деп сенемін. Біз сіздермен біргеміз», – деп жазды Ленара Баталова Instagram-парақшасында.

Серіктес жаңалықтары